Йемендік хуситтер Саудиядағы әуежайға соққы жасады
Йемендік хуситтер болса, Сауд Арабиясындағы Абха халықаралық әуежайына соққы жасады.
Шабуыл кезінде зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылған. Қарулы топ Сауд арабиясын Йемендегі Сана халықаралық әуежайына соққы жасады деп айыптайды. Ақпаратқа сәйкес, кейінгі шабуылдар Иран ұшағының қонуына жол бермеу мақсатында жасалған. Хуситтердің әскери өкілі Яхья Сари бұл шабуылдарды "өрескел басқыншылық" деп атады. Ал Сауд Арабиясы бұл айыптауларға әзірге ресми түрде жауап берген жоқ.