BMW 29 мыңнан астам көлігін кері қайтарып жатыр

Фото: depositphotos.com

BMW компаниясы АҚШ нарығындағы 29 119 автокөлігін кері қайтару туралы шешім қабылдады. Бұған қозғалтқыштың стартер релесіне қатысты ақау себеп болған, деп хабарлайды «24KZ» Reuters агенттігіне сілтеме  жасап.

АҚШ-тың Жол қозғалысы қауіпсіздігі ұлттық басқармасының (NHTSA) мәліметінше, стартер релесі уақыт өте келе коррозияға ұшырап, қызып кетуі мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға және көліктің өртену қаупінің артуына әкеледі.

Кері қайтару науқаны BMW 530e xDrive, 740Le xDrive және iPerformance сериясына кіретін бірқатар модельдерге қатысты жүргізіледі.

Компания ақау анықталған көліктерді тексеріп, қажет болған жағдайда қосалқы бөлшектерін ауыстыру жұмыстарын тегін атқарады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз