Семейде BMW-мен қауіпті маневр жасаған жүргізуші 5 тәулікке қамауға алынды

фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер BMW 520 автокөлігінің жол үстінде қауіпті маневрлер жасаған бейнежазбасын анықтады, деп хабарлайды «24KZ».

Патрульдік полиция қызметкерлері тәртіп бұзған жүргізуші - Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны Илья Займидорога екенін жедел анықтап, бөлімшеге жеткізді.

Сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция департаменті жолда қауіпті маневрлер жүргізушілердің, жолаушылардың және жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығына үлкен қатер төндіретінін ескертеді. Тәртіп сақшылары желіде назар аударту мақсатында жасалған мұндай әрекеттер жауапкершіліктен босатпайтынын қатаң ескертеді. 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: