BMW басшылық құрамның 20%-ын қысқартады

BMW неміс автоконцерні алдағы жылдың ортасына дейін басшылық құрамның 20%-ын қысқартады. Науқан бірінші кезекте Германиядағы кәсіпорындарды қамтымақ. Бұған себеп — жасанды интеллект, деп хабарлайды 24KZ.

Ол шешім қабылдау, тиімділікті арттыру және жұмысты жедел ұйымдастыру бағытында бизнес-құрылымның барлық сатысына енгізіліп жатыр. Бүкіл үдерісті қайта құру компанияға аймақтық және әлемдік нарықтағы бәсекелестік деңгейін көтеруге көмектесуі керек. BMW басшылығы қызметкерлер жұмыстан мәжбүрлі түрде қуылмайды, оларға жақсы өтемақымен өз еркімен жұмыстан шығу жолы ұсынылатынын айтады. Жалпы автоконцерн оңтайландыру шаралары арқылы жылына 1 млрд еуро үнемдегелі отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: