Жаңа Зеландияда құс тұмауы анықталды
Вирус алғаш рет теңіз арқылы қоныс аударатын қанаттыдан табылған.
Зертханалық сынама оң нәтиже көрсеткенімен, елде әзірге құстардың жаппай қырылуы немесе індеттің тарауы жөнінде ақпарат жоқ. Десе де кеселдің алдын алу үшін денсаулық сақтау және табиғатты қорғау қызметтері сирек кездесетін құс түрлерін қорғау бағдарламасын бастады. Оның аясында елдегі 300 қанаттыға вакцина салынады. Өткен айда бұл індет Австралия құрлығында тіркелген еді. Алдын ала мәлімет бойынша, қазір онда жұқпалы аурудың 14 дерегі расталған.