Ресейде алапат тасқындар жиілеуі мүмкін
Ресейде бұдан былай алапат тасқындар жиі болады, тіпті қалыпты жағдайға айналады. Жергілікті ғалымдардың айтуынша, климаттың өзгеруіне ғаламдық жылыну тікелей әсер етпек.
Табиғаттың тосын мінезін Орал, Сібір, Қиыр Шығыс пен Солтүстік Кавказ тұрғындары көп сезінеді. Қазірдің өзінде Орынбор, Қорған, Челябі мен Свердлов облыстарын және Башқұрстанды су басып жатыр. Бұдан бөлек, Краснодар аймағында, Ставрополь мен Дағыстанда бірнеше сағат ішінде жауын-шашынның айлық мөлшері түсіп үлгерді. Мамандар мұндай құбылыс 10 жыл бұрын мүлде сирек болатын еді дейді. Ал зерттеулер Об, Енесай, Лена және Амур өзендеріндегі су көлемі жыл сайын 0,5 пайызға ұлғайып жатқанын көрсетіп отыр.