Эболадан көз жұмғандар саны 750-ден асты
Конго Демократиялық Республикасында эбола безгегінен көз жұмғандар саны 754-ке жетті. Екі мың адам індет жұқтырған.
Биліктің хабарлауынша, кейінгі бес аптада құрбандар қатары үш есе артты. Дәрігерлер вирустың тез тарап жатқанын айтады. Індет жаңа провинцияларға жайылып жатыр. Әсіресе Итури мен Солтүстік Киву аймақтарында Эболаның таралу қарқыны өте жоғары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауруға шалдыққандардың саны билік таратқан мәліметтен төрт есе артық болуы мүмкін деп күдіктенеді.