Дунай тартылып барады
Дунай суы рекордты деңгейге дейін азайды.
Венгрияның су басқармасының мәліметінше, Будапешт аумағындағы Дунай өзені 8 сантиметрге төмендеген. Мұның зардабын қазір круиз кемелері көріп жатыр. Будапештің солтүстігінде бірнеше кеме қайраңдап қалған. Осыған байланысты экскурсиялық сапарлар тоқтатылып, туризм саласы тығырыққа тірелген. Өзен круиздері экономикалық тұрғыдан Венгрияның кеме қатынасы саласының ең маңызды бөлігінің бірі. Бұл су жолы арқылы жыл сайын 600 мың жолаушыға дейін тасымалданады.