Иран АҚШ-тың әуе базаларына соққы жасады
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери нысандарына жаңа соққылар жасалғанын мәлімдеді.
Нысанаға Кувейт пен Иорданиядағы америкалық әуе базалары алынған. Шабуыл жоғары дәлдіктегі зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен жасалған. Соның салдарынан бірнеше әскери ұшақ ангары, авиациялық техника қоймалары және радиолокациялық анықтау жүйесі жойылған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Иран тарапы мұны АҚШ-тың ел аумағына жасаған әуе шабуылдарына жауап деп отыр. Бұған дейін Ислам революциясы сақшылары корпусы елдің батысында американдық барлау-соққы беретін дронын атып түсіргенін хабарлаған.