Гайанада жолаушылар паромы суға батып кетті
Гайана жағалауында паром суға батты, салдарынан 66 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Тағы 67-сі құтқарылды.
Ресми мәліметке сәйкес, Джорджтаун қаласынан Порт-Кайтумаға бағыт алған кемеде барлығы 116 жолаушы мен 17 экипаж мүшесі болған. Мамандар түнгі уақытта паромды толқын басып қалған деп болжап отыр. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.