Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Филиппинде жолаушылар мінген кеме өртеніп, бес адам қаза тапты. Тағы 87 адам хабар-ошарсыз кетті. Қайғылы оқиға Палаван провинциясында жағалаудан 2,2 шақырым жерде болды. Кемеге жалпы 134 адам мінген.
Олардың 40-тан астамы қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір құтқарушылар жоғалған жолаушыларды іздестіріп жатыр.