Техастан ұшқан ғарыш кемесінің сапары сәтті болды - SpaceX
SpaceX компаниясы үшін Starship ғарыш кемесінің кезекті 13-сынағы сәтті аяқталды.
Зымыран Техас штатындағы ғарыш айлағынан ұшырылды. Ұшу ұзақтығы шамамен бір сағатқа созылды. Осы уақытта Starship орбитаға 20 Starlink спутнигін шығарды. Кейін кеме Үнді мұхитына, ал зымыранның үдеткіші Мексика шығанағына қонды. Бұған дейін өткен 12 сынақтың жетеуі ғана сәтті аяқталған еді.