Porsche 9 мың қызметкерін қысқартады

Германиядағы көлік өндіретін жетекші Porsche компаниясы алдағы 9 жылда 9 мыңнан астам қызметкерін қысқартады.

Сондай-ақ 2035 жылға дейін жалақы мөлшері сол қалпында сақталады. Барлық сыйақы қысқартылып, үйден жұмыс істеу мүмкіндігі айына 12-ден 8 күнге дейін азаяды. Өйткені Поршенің таза кірісі 91%-ға күрт төмендеп кеткен. Сарапшылар дағдарыстың негізгі себебін Қытайдағы сатылымның күрт төмендеуімен және АҚШ-тағы баж салығымен байланыстырады. 3 жыл бұрын компания жылына шамамен 320 мың автокөлік сатқан. Ал биылғы меже 250 мың көлік. Салыстырмалы түрде айтсақ, сатылым 21 пайызға төмендейді.