Германия газ қорын арттыруға ниетті
Германия қыс мезгілі қарсаңында газ тапшылығының алдын алу шараларын күшейтті. Бұл бағытқа қосымша 245 млн еуроға жуық қаражат бөлінді. Қазір елдегі жерасты газ қоймалары 61 пайызға толған, деп хабарлайды 24KZ.
Былтыр бұл көрсеткіш 75 пайыздан асқан. Бөлінген қаражаттың 107 млн еуросы 2027 жылдың ақпан-наурыз айларында газ жеткізуді қамтамасыз етуге, ал тағы 137 млн еуро ықтимал іркілістердің алдын алуға бағытталады. Айта кетейік, мамандар қыс ұзақ әрі қатты суық болса, елдегі газ қоры ақпан айының басында-ақ таусылуы мүмкін екенін ескертті.