Әлемде мұнай арзандап жатыр
Брент маркасының бағасы барреліне 85 долларға құлдырады.
Бұл алдыңғы сауда көрсеткішінен екі жарым пайызға төмен. Америкалық WTI да 80 долларға арзандаған. Сарапшылар мұны Таяу Шығыстағы қақтығыстың жеңілдей бастағандығымен байланыстырады. Вашингтон Тегеранмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатауға күш салып жатқанын мәлімдеген. Десе мамандар нарық үшін қауіптің барын жоққа шығармайды. Әзірге Ормуз бұғазы арқылы «қара алтын» тасымалы толық қалпына келді деген ақпарат жоқ.