Францияда ауа сапасы нашарлады

Францияның Бордо қаласында орман өрті салдарынан ауа сапасы күрт нашарлады. Қауіпті ластаушы заттар деңгейі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген шектен алты есе асып кеткен.

Енді жергілікті билік тұрғындарды аса қажет болмаса сыртқа шықпауға шақырды. Айта кетейік, Францияның оңтүстік-батысында орман өрті бірнеше күннен бері ырық бермей тұр. Қызыл жалын салдарынан 42 мың гектардан астам жер күлге айналды. Өрт аумағынан  250 мыңнан астам адам эвакуацияланды.