Францияда аптап ыстықтан ормандар өртеніп жатыр

Францияда аптап ыстықтың жыл басынан бергі төртінші толқыны басталды.

Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлады. Бүгін елдің басым бөлігінде ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріледі. Кейінгі күндері құрғақ әрі ыстық күн райы салдарынан орман өрттері ырық бермей отыр. Қызыл жалын 42 мың гектарды күлге айналдырды. Билік тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.