БҰҰ-ға Бас хатшылықтан үміткерлер жарияланды
Біріккен Ұлттар Ұйымы жаңа басшысын сайлайды.
Қауіпсіздік кеңес ертең үміткерлер арасында бейресми сауаланама өткізеді. Оған 7 елден,, дәлірек айтқанда Аргентина, Чили, Коста-Рика, Эквадор, Гайана, Сенегал және кейіннен қосылған Угандадан саяси тұлғалар қатысады. Өзге де кандидаттардың іріктеуге қатысуына мүмкіндігі бар. Бастапқы кезеңдегі бейресми сауалнамаларда бірдей бюллетеньдер пайдаланылады. Бұл дипломаттарға қолдау мен қарсылықтың жалпы деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Бірақ Қауіпсіздік Кеңесінің вето құқығына ие бес ел -- Қытай, Франция, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ-тың қайсысы теріс дауыс бергені жария етілмейді.
БҰҰ Бас хатшысы лауазымына үміткерлер
Рафаэль Гросси, Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директоры;
Мишель Бачелет, Чилидің бұрынғы президенті;
Ребека Гринспан, Коста-Риканың бұрынғы вице-президенті;
Мария Фернанда Эспиноса, Эквадордың бұрынғы Сыртқы істер министрі;
Кэролайн Родригес-Биркетт, Гайананың бұрынғы Сыртқы істер министрі;
Маки Салл - Сенегалдың бұрынғы президенті;
Олара Отуну - Угандалық дипломат