Германия Сирияға әуе рейстерін қайта ашты

Германия Сирияға тікелей рейстерді қайта ашты. Бұл бағыт 14 жыл бұрын тоқтаған еді. Дюссельдорфтан көтерілген алғашқы ұшақ Дамаскіге келіп қонды.

Бұл туралы Сирияның SANA агенттігі хабарлаған. Олардың мәліметі бойынша, қазанға дейін әлі 3 бағыт ашылады. Рейстерді 2 неміс әуе компаниясы іске асырады. Ресми Дамаск әуе рейстерін қайта іске қосу елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға көмектеседі деп есептейді.