Францияда өртке қатысты 11 күдікті ұсталды

Францияда орман өртіне байланысты 11 адам ұсталып, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, олардың екеуі қасақана от қойды деген күдікке ілінген. Олар қамауға алынды. Қалғандары тергеліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Францияның оңтүстік-батысында алапат орман өрті өткен аптада басталды. Тілсіз жау қазірдің өзінде 420 шаршы шақырым жасыл желекті жалмап үлгерген. 250 мыңнан астам адам үйін тастап, қауіпсіз жерге кетуге мәжбүр болды. Полиция алапат өрттің шығу себебін әлі анықтап жатыр.