АҚШ-та халықтың ел экономикасына сенімі азайды
«Рейтердің» хабарлауынша, «Тұтынушылар сенімінің индексі» шілде айында 1,4 тармаққа төмендеп, 90,8 пунктке түскен.
Маусым айында бұл көрсеткіш 92,2 пункт көлемінде еді. Сарапшылар қазір америкалықтар бизнес жасау, жұмыс ауыстыру немесе жұмыс орындарын ашуға аса сақтықпен қарайды. Әліптің артын бағуға тырысады. Өйткені Иранға қайта-қайта шабуылдап жатқан биліктің әрекетіне алаңдайды. Сол себепті ірі қаржылық немесе экономикалық өзгерістерге келгенде бизнес те тартыншақтай бастаған.