Иран Иорданиядағы АҚШ базасына соққы берді
Иран Иорданиядағы АҚШ-тың әскери базасын зымыранмен атқылады. Бұл аймақтағы ауқымды Муваффак-Салти базасы.
Иордания мен АҚШ күштерінен басқа, мұнда Германияның және өзге де одақтас елдердің әскери қызметкерлері мен техникалары орналасқан. Иранның IRNA ақпарат агенттігінің деректеріне сүйенсек, зымырындардың барлығы атып түсірілген. Шабуылға қатысты Ислам Революциясы сақшылар корпусы АҚШ тарапынан үздіксіз жасалып жатқан соққыларға жауап ретінде ұйымдастырылды деп мәлімдеді. Тараптар арасындағы шабуылдар қарқыны 3 күндей бәсеңдеген болатын. Алайда Ормуз бұғазына қатысты дау жағдайды тағы ушықтырып жіберді.