Сауд Арабиясы мен Ирак арасы шиеліністі  

Сауд Арабиясы мен АҚШ бірлесіп Иракқа қарсы шабуылды үдетті. Кейінгі шабуыл салдарынан 20 сарбаз қаза тапты. Тағы 32 адам ауыр жараланған. 

Бұл жөнінде Associated Press агенттігі хабарлады. Эр-Рияд Иракты энергетикалық нысандарға шабуыл жасағаны үшін қатаң айыптайды. Сондай-ақ Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі Иракпен ашық соғыспайтынын мәлімдеді. Ал Ирак президенті аппаратының өкілі Низар Амиди АҚШ пен Сауд Арабиясының шабуылдарын Ирактың егемендегіне нұқсан келтіреді деп айыптады. Сондай-ақ бұл қақтығыста Ирак көршілес елдерге шабуыл жасайтын орталыққа айналмауға тиіс деп мәлімдеді.