IATA: әуе жүк тасымалына сұраныс артты

Әлемде жүк таситын әуе кемесіне сұраныс артты. Өткен айда көрсеткіш 8,5 пайызға өскен. 

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының дерегіне сүйенсек, сұраныстың артуына жоғары технологиялық өнімдер мен шұғыл жеткізілімдер серпін беріп отыр. Сондай-ақ әуе жүк тасымалына сұраныс әлемдік сауданың жылдық 5,2%-дық өсімінен де жоғары болған. Алайда ұйым өкілдері Таяу Шығыстағы қақтығыстар мен АҚШ-тың тарифтік саясаты секілді  тәуекелдер барын ескертеді. Бұған қарамастан, әлемдік сауда көлемі бір жыл ішінде 5,2%-ға ұлғайды.