Пәкістанда шахтаның төбесі ортасына түсті
Пәкістанның Белуджистан провинциясында шахта опырылып, 11 кенші опат болды. Тағы 25-і іздестіріліп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша апатқа метан газының жарылуы себеп болған. Бұл уақытта жер астында 43 адам жұмыс істеп жатқан. Қазір үйінді астында қалғандарды құтқару жұмыстары 1 200 метр тереңдікте жүргізіліп жатыр.