Иран Иорданиядағы АҚШ ұшақтарын жойды

Иран кеше Иорданиядағы Әл-Азрақ әуе базасын баллистикалық зымырандармен атқылаған еді. Associated Press агенттігігінің мәліметіне сүйенсек, шабуыл салдарынан АҚШ-тың үш F-35 жойғыш ұшағы жойылған.

Тағы үшеуіне зақым келген. Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы кейінгі шабуылдарды АҚШ-тың Кешм аралына жасаған соққысына жауап ретінде жасалды деп мәлімдеді. Ал Иордания билігі Иран ұшырған бес зымыранды атып түсіргенін хабарлады.