Газада 30 мың омартадан 700-і ғана қалды
Газадағы соғыс ара шаруашылығын тығырыққа тіреді. «Рейтердің» хабарлауынша, Газа секторында Израиль шабуылдарына дейін 30 мың омарта болған.
Бүгінде олардан 700-і ғана қалған. Ара өсірушілер 3 жылдай бұрын жыл сайын 400 метрикалық тонна бал өндіріп, сататын. Қазір өндіріс деңгейі 2 есе төмендеді. Газа секторында бал арасы түгілі, адам үшін лайықты әрі қауіпсіз өмір сүруге қолайлы жағдай жоқ. Израиль сәуір айының соңына дейін Газаның шамамен 64 пайызын бақылауына алып үлгерді. Анклавтағы 2 миллион тұрғынның 95 пайызы ХАМАС бақылауындағы тар жағалау жаққа ығысқан. Олардың өзі негізінен қираған ғимараттар мен уақытша баспаналарда тұруға мәжбүр.
Ибраһим Әл-Дабба, омарташы:
- Бізде ара шаруашылығы мүлде тұралады десе болады. Негізі аралар ағаштар мен гүлдердің арасында өмір сүруге тиіс. Қазір ондай жағдай атымен жоқ. Сондықтан біз араларды омартасымен бірге қираған ғимараттардың шатырында ұстауға мәжбүрміз. Оқ атпау режимі жарияланды, бейбіт бітім жасалды деп жатыр ғой. Бірақ бізде күнде өлім-жітім. Ауыл шаруалышығы және бау-бақшалы жаққа кіруге бізге түбегейлі тыйым салынған.