Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 36-ға жетті

Жапонияның оңтүстік-батысындағы жойқын зілзала салдарынан опат болғандар саны 36 адамға жетті.

Бұл туралы жергілікті Эн-Эйч-Кей ((NHK)) арнасы хабарлады. Жерасты дүмпулерінен шамамен 1 мың 500 тұрғын үйге зақым келген. 10 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Қазір Кумамото префектурасында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Еске сала кетейік, 28 шілдеде Кюсю аралында 7,1 балдық зілзала болды.