Еуроодақ шекарадағы күзетті күшейтті

Еуропа елдері шекарадағы күзетті күшейтіп жатыр. Кейінгі дерек бойынша Мароккодан Испанияның Сеута аралына ағылған босқын саны 60 мыңға жеткен.

Көші-қон дағдарысына байланысты Италия Испаниямен арадағы шенген келісімін уақытша тоқтатты. Шектеу 30 күн күшінде болады. Франция президенті Эмманюэль Макрон да Ішкі істер министрлігіне шекарадағы әскер санын көбейтуді тапсырды.