Италияда жер сілкінді

Италияның оңтүстігінде жер сілкінді.

4,7 балдық зілзала Неаполь қаласы маңында тіркелді. Салдарынан 21 адам жарақат алған, олардың екеуінің жағдайы ауыр. Негізгі жер сілкінісінен кейін 30-дан астам дүмпу қайталанған. Ең көп зардап шеккен Поццуоли қаласында ғимараттар қирады. Мамандар бұл осы аймақта кейінгі 40 жылда болған ең күшті зілзала деп отыр.