АҚШ-та 100 мың гектар жер отқа оранды

АҚШ-тың Вашингтон штатында орман өрті күшейіп, мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Жалын 100 мың гектардан астам аумақты шарпыды.

Табиғат апатына байланысты штатта төтенше жағдай жарияланды. Лаулаған жалыннан кей ауданда жарық өшірілді. Тілсіз жаумен күреске 4 мыңға жуық маман жұмылды. Аптап ыстық пен қатты жел олардың жұмысын қиындатып отыр.