Н. Пашинян қайтадан Армения премьер-министрі болып тағайындалды
Никол Пашинян қайтадан Армения премьер-министрі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа ел президенті Ваагн Хачатурян қол қойды.
Бұл шешім жаңа парламенттің жұмысы басталғаннан кейін Конституция талаптарына сәйкес қабылданды. Бұған дейін үкімет өз өкілеттігін тоқтатып, Пашинян отставкаға кету туралы өтініш берген еді. Кейін парламентте басымдыққа ие "Азаматтық келісім" партиясы оны премьер-министр қызметіне қайта ұсынып, президент кандидатураны бекітті.