5 млн доллар сыйақы: Ең көп ізделген қылмыскерлердің бірі ұсталды

Мексиканың құқық қорғау органдары Лос-Рейес картелінің жетекшісі, Пончо деген атпен танымал Альфонсо Фернандес Магаллонды тұтқындады. Бұл туралы Мексиканың қауіпсіздік министрі Омар Гарсия Арфуш X әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

«Мексиканың құрлықтағы күштерінің операциясы нәтижесінде Los Reyes картелінің жетекшісі Альфонсо «Н» тұтқындалды», - делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін АҚШ билігі мексикалықты тұтқындауға көмектескен ақпарат үшін бес миллион долларға дейін сыйақы ұсынған болатын.

Roya News басылымының хабарлауынша, Магаллон АҚШ-тағы ең көп ізделіп жатқан қашқындардың бірі. Ол адам ұрлау, есірткі өндіру және есірткі саудасымен айналысты деп айыпталып отыр. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ол 2025 және 2026 жылдары Мексика әскери күштеріне жасалған дрон шабуылдарымен де байланыстырылады.

Көшбасшысының тұтқындалуына жауап ретінде Los Reyes мүшелері Мичоакан штатындағы бірнеше жолды жауып, баррикадалар орнатып, ондаған көлікті өртеп жіберді. Заң мен тәртіп толық қалпына келтірілгенге дейін аймақта әскер күшейтілді.

Milenio газетінің хабарлауынша, Los Reyes картелі мексикалық «Carteles Unidos», сондай-ақ «La Resistencia» тобының құрамына кіреді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз