Еуропа аптап ыстықтан шығынға ұшырады

Аптап ыстық Еуроодақ елдерін шығынға ұшыратты.

Оның көлемі 3 млрд еуродан асты. Мұны Financial Times басылымы жазды. Жаздың екі айында кәрі құрлықтың бес елі отқа оранды. Қызыл жалын 500 мың гектар аумаққа таралды. Экономикаға келген залалдың көлемі бұдан да көп болуы мүмкін. Туризм мен ауыл шаруашылығындағы шығын әлі есептелген жоқ. Франция Президенті Эмманюэль Макрон елдегі орман өртін Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең ауыр жағдайға теңеді. Сарапшылар жаһандық жылыну кезеңінде кәрі құрлық климатқа сай қамданбаса, ахуал тіпті күрделенеді деп ескертіп отыр.