Пәкістанда лаңкестіктен қаза тапқандар саны 17-ге жетті
Пәкістанның солтүстік-батысында лаңкестіктен қаза тапқандар саны 17-ге жетті.
Тағы 34-і жараланды. Құрбандар қатарында 7 құқық қорғау қызметкері бар. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, күдікті бомбаны полиция бөлімшесіне кіреберісте іске қосқан. Ғимараттың маңы қоршауға алынды. Ел президенті Асиф Әли Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шариф оқиғаны қатаң айыптап, лаңкестікпен күрес жалғасатынын мәлімдеді. Кейінгі уақытта Пәкістан шекарасында әскерилер пен полицейлер шабуылға жиі ұшырайды. Исламабад Ауғанстанның лаңкестерге қатысы бар деп санайды. Ал ауған билігі мұны жоққа шығарып келеді.