Еуропа орман өртінен €3 млрд шығынға батты

Орман өрті Еуропаның бес елін 3 миллиард 100 миллион еуро шығынға ұшыратты.

Financial Times басылымы алқаптарды қайта қалпына келтіруге осынша қаражат қажет екенін есептеп шығарды. Жазда Франция, Испания, Португалия, Грекия және Румынияда шамамен жарты миллион гектар жер жанып кетті. Францияның Жиронда аймағында 40 мыңға жуық кәсіпорын зардап шекті. Олардың жартысына жуығы жұмысын тоқтатты. Испанияда 18 мың гектарға жуық алқап жарамсыз күйге түсті.

Сарапшылардың айтуынша, сақтандыру төлемдері мен туристер санының азаюы сияқты өзге де факторларды ескергенде, шығын көлемі бұдан да жоғары болуы мүмкін.