Венесуэлада зілзала құрбандарының саны 6 мыңнан асты
Венесуэлада қос жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 6125 адамға жетті. Бұл туралы осы елдің Ұлтты ассамблея төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеген. Оның айтуынша, қирандылар астынан 6 мыңға жуық тұрғын құтқарылды. 60 мыңнан астам адамға дәрігерлік көмек көрсетілген.
Баспанасыз қалғандар 300-ге тарта уақытша паналау орталығына орналастырылды. Естеріңізге сала кетейік, Венесуэлада 24 маусымда 7,2 және 7,5 балдық 2 жер сілкінісі болған. Олардың арасы 40 секундтқа да жетпеген. Табиғи апаттардан 190 ғимарат қирап, 850-ден астамына зақым келді. Сол кезде жарияланған төтенше жағдай режимі әлі де күшінде.