АҚШ-тың жиырма бес штаты Трамп әкімшілігін сотқа берді
Мәселе жаңа кедендік тарифтерге байланысты. Істі халықаралық сауда соты қарайды. Арыз иелерінің айтуынша, “Ақ үй енгізген баж салығын іс жүзінде америкалық импорттаушылар төлейді. Олар бұл шығында тауар бағасына қосады. Соңында зиян шегетін – халық пен кәсіпкерлер.
Штаттар да мемлекеттік қызметке қажетті шетелдік құрал-жабдықты қымбатқа сатып алады. Бюджетке шығын. Бұған қоса сотқа беруші тарап “соңғы бұйрықта аталған 60 елге қатысты тексеру асығыс жүргізілген, тариф мөлшері мен мәжбүрлі еңбек арасындағы байланыс толық дәлелденбеді” дегенді алға тартады. Олар осы себепті баж салығын тоқтатып, төленген қаржыны америкалықтарға қайтаруды сұрайды. Жалпы бұл даудың туындауына АҚШ-тың өткен айда Қазақстанды қоса алғанда елу тоғыз ел мен Еуропалық одақтан келетін тауарларға оннан он екі жарым пайызға дейін тариф енгізуі себеп. Вашингтон бұл мемлекеттер мәжбүрлі еңбекпен өндірілген өнімдердің импортына жеткілікті тосқауыл қоймаған деп мәлімдеген еді. Ал оған дейін Жоғарғы сот Трамптың төтенше экономикалық өкілеттікке сүйеніп енгізген тарифтерін заңсыз деп таныған болатын.