Трамп Иранға «соңғы мүмкіндік» берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды Вашингтонмен келісімге келу үшін «соңғы мүмкіндікті» пайдалануға шақырды. Бұл туралы ол Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, келіссөздер Таяу Шығыстағы бірқатар елдің арағайындығымен өтіп жатыр.

Трамп келісімнің басты бағыттары Ормуз бұғазын қайта ашу және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты болатынын айтты. Сондай-ақ, оның сөзінше, келіссөздің алғашқы нәтижесі бүгін немесе ертең белгілі болуы мүмкін. АҚШ президенті Парсы шығанағындағы одақтастарының өтінішімен Иранға жаңа ауқымды соққы жасаудан әзірге бас тартқанын да мәлімдеді.