Молдова суды пайдалануға шектеу қойды

Молдова суды пайдалануға шектеу қойды. Бұған Днестр өзенінің қатты тартыла бастауы себеп. Бассейндерді ауыз су және қоймалардағы сумен толтыруға тыйым салынды. Ауыл шаруашылығына қажетті тіршілік көзін тек түнгі 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін ғана алуға рұқсат берілген.

Өнеркәсіп орындары суды пайдалану көлемін 20 пайызға қысқартуға міндеттелді. Өмірлік маңызы айрықша нысандарға ешқандай шектеу қойылмайды. Билік құрғақшылыққа тап болған аудан тұрғындары үшін резервтік құдықтар мен автоцистерналар дайындап жатыр. Ел астанасы Кишинёвтің сумен қамту операторы жоғары әзірлік режиміне келтірілді.