No comment: Грекиядағы орман өрті
Грекияда орман өрті бесінші күн қатарынан сөнбей тұр. Жағдай әсіресе Афинаның солтүстік-батысындағы Порто-Гермено және Псата қалаларында қиын.
Онда қызыл жалын 10 мың гектардан астам аумақты шарпыған. Тілсіз жаумен күреске 400 маман, 18 ұшақ және 11 тікұшақ тартылды. Ал мамандар ел бойынша өрт қаупі сақталатынын айтады.