Хуситтер Сауд Арабиясының танкерін атқылады

Йемендік хуситтер Сауд Арабиясына тиесілі тағы бір мұнай танкеріне шабуыл жасады.

Қозғалыс өкілдері кемені баллистикалық зымыранмен атқылағанын мәлімдеді. Оқиға Сауд Арабиясының батысындағы Янбу портына жақын маңда болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Айта кетейік, қарулы топ өкілдері Қызыл теңіздегі Баб-эль-Мандеб бұғазын бақылауға алып, Сауд Арабиясына қарсы теңіз блокадасын 20 шілдеде енгізген болатын. Бұл содан бері шабуылға ұшыраған сегізінші кеме.