Иран мен Оман келісімге келді

Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелердің жаңа бағытын келісті. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Ведомство өкілі Эсмаил Бағаидің айтуынша, тараптар бағыттың нақты координаттарын бекіткен. Егер келісімге кедергі келтіретін жағдайлар болмаса, екі ел жақын арада бірлескен мәлімдеме жариялайды.

Дегенмен Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін барлық кеменің қауіпсіздігіне толық кепілдік бере алмайтынын ескертті. Айта кетейік, Ормуз бұғазы әлемдік мұнай тасымалының шамамен төрттен бірі өтетін маңызды теңіз дәлізі. Бұл бағыт арқылы дүниежүзілік мұнай тасымалының шамамен төрттен бірі өтеді.