БҰҰ: 274 млн адам ас-сусыз қалуы мүмкін
274 миллион адам бір тілім нан тұрмақ, қара суға зар болып қалады. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының сарапшылары келер жылдың аяғына қарай әлемде осындай жағдай туындауы мүмкін деп ескертті. Әсіресе Орталық Америка, Оңтүстік Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия тұрғындары көп зардап шегеді. Өйткені бұл өңірлерде табиғат апаттары көбейген. Гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін мамандар суғару жүйелері мен бөгеттерді, энергетика саласын жетілдіруге, сондай-ақ ең осал өңірлерді қаржылай қолдауға шақырып отыр.