Венесуэлада қос зілзаладан 6,7 млрд доллар шығын келді
Венесуэла экономикасына 43 күн бұрын болған қос зілзаладан 6 миллиард 700 миллион доллар шығын келді. Сарапшылардың айтуынша, бұл елдің жалпы ішкі өнімінің 6 пайызына тең. Қазір билік Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен жаппай қалпына келтіру бағдарламасын құрып жатыр. Инфрақұрылымды, тұрғын үйлер мен коммуналдық жүйелерді қайта жөндеу үшін миллиардтаған доллар көмек қажет.
Табиғи апаттардан кейін 2,1 миллион тонна құрылыс қалдығы үйіліп қалды. Мамандар бұл 288 Эйфель мұнарасының салмағы тең қиранды дейді. Бұдан бөлек, жабылып қалған кәсіпорындарды, сауда орындарын, ауруханалар мен мектептердің жұмысын қайта жандандыру қажет. Венесуэла билігі ел бюджетінде ақша жоқ, халықаралық серіктестерден көмек күтеміз дейді. Оңтүстік Корея қазірдің өзінде 3 миллион доллар бөлді. Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымда Венесуэланың солтүстігінде араға небәрі 39-40 секунд салып магнитудасы 7,2 және 7,5 балдық екі жойқын жер сілкінісі болған.