БҰҰ: Газа секторында 300 бала қаза тапты

Газа секторында былтыр қазанда күшіне енген атысты тоқтату туралы келісімнен бері 300 бала қаза тапты. Бұл туралы БҰҰ-ның Балалар қоры мәлімдеді. Ұйым деректеріне сәйкес палестиналық отбасылар қазір аймақтың үштен бір бөлігінде ғана тұрып жатыр.

Балалар әлі де аштық пен түрлі аурудан зардап шегіп келеді. Өңірде ауызсу тапшы. ЮНИСЕФ өкілдері осыған алаңдайды. Жалпы, атысты тоқтату режимі жарияланғаннан бері секторда 1 209 адам қаза тауып, тағы 3 943-і жарақат алған.