АПВ-ға қарсы жоспарлы екпе науқаны жалғасып жатыр

Елде адам папилломасы вирусына қарсы үш кезеңдік қосымша жоспарлы вакцинациялау науқаны жалғасып жатыр. Қазір 14-18 жас аралығындағы оқушы қыздар «Гардасил» иммундық препаратымен қамтылған. Бүгінге дейін оны 17 мыңнан астам қыз бала қабылдады.

Ал екпенің екінші дозасымен 11 мыңға жуық жасөспірім егілді. Мамандар бұл екпені бедеулікке әкелмейтінін, керісінше, оның репродуктивтік ағзаларды онкологиялық аурулардан қорғайтынын айтады. Сондықтан дәрігерлер жатыр мойны обырынан сақтану мүмкіндігін пайдалануға шақырады.