Дания мектептерінде ЖИ пайдалану шектеледі
Дания оқушылары үйде орындаған жазбаша жұмыстарын мектепте ауызша қорғайды. Жаңа ереже үй тапсырмасын жасанды интеллектіден көшірудің алдын алу мақсатында енгізіліп отыр.
Сондай-ақ билік тестілеу кезінде бақылауды күшейтпек. Мұғалімдер оқушылардың компьютердегі әрекеттерін қадағалап, кейбір сайттар мен онлайн сервистерге қолжетімділігін шектейді. Елдің Білім беру министрлігінің мәліметіне сүйенсек, нейрожелілерді пайдалану оқу үдерісі мен емтихан тапсыруға кедергі келтіріп отыр. Сонымен қатар үкімет білім беру жүйесінде жасанды сана технологияларын қолданудың жалпыұлттық стратегиясын әзірлеп жатыр.