Висла өзені тартылып барады

Польшадағы Висла өзені тартылып барады. Кейінгі кезде су деңгейі 102 сантиметрге дейін түсті. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай.

Мамандардың айтуынша, бұған ұзаққа созылған қуаңшылық себеп. Қазір өзенге құятын су көлемі күрт азайған. Салдарынан кеме жүрісі қиындап, жергілікті экожүйеге кері әсерін тигізіп отыр. Сарапшылардың пікірінше, жауын-шашын мол түссе ғана өзендегі ахуал жақсарады. Алайда синоптиктердің айтуынша, жақын уақытта жаңбыр жаумайды.