Газа секторында бейбітшілік кеңесі мәлімдеме жасады
«ХАМАС қаруын тастаса, Израиль Газа секторынан әскерін шығара бастайды». Бұлай деп Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің бас директоры Николай Младенов мәлімдеді.
Младенов бұл жұмыс ХАМАС қозғалысын қарусыздандырумен қатар жүруге тиіс екенін алға тартты. Алдағы уақытта Газа секторын басқаруды Бейбітшілік кеңесінің бақылауындағы ұлттық комитетке тапсыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ Газа аумағында халықаралық қауіпсіздік күштері орналастырылуы мүмкін. Олар келісімнің орындалуын бақылайды.